Рет қаралды 8,754
Кешке. Отбасы ошақ қасында. Төрт көз түгел жиналғанда. Шай үстінде «Жетінші арнаны» қосыңыздар. Әр жұма сайын 19.30-да «Кешкі шай» бағдарламасын ұсынамыз.
«Кешкі шай» - байсалды әңгімеге арқау болады. «Жетінші арнаның» жүргізушілері ұсынған кеседен еліміздің белгілі қайраткерлері шай ішеді. Қыз ұрлау көне дәстүр ме, әлде қылмыс па? «Бәке», «Мәке», «Сәке» - бұл ұлттық ерекшелік пе, әлде сыйластықтың шыңы ма?
«Жетінші арнаның» студиясында кешкі шай үстінде дәл сіздің көкейіңізде жүрген мәселе көтеріліп, түрлі сұраққа жауап айтылады.